CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары

«CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары»
жетекші мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық семинардың ақпарламасы.

2019 жылдың 30 қаңтарында НЗМ Дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «С.Қондыбай атындағы №22 орта мектебінде» «CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға жаратылыстану пәнінің мұғалімдері және 
облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығының химия-биология пәнінің әдіскері А.Рсалиева, ООӘжҚББО-ның жаратылыстану бөлімі меңгерушісі А.Мүберек, Ақтау қаласының «Даму» білім орталығының орынбасары О. Наурызбаев және химия –биология пәндерінің әдіскері Гүлназ Жаксыгулова, ПШО орталығының тренері А.А.Рысбековалар келді.
Семинарды өткізудің мақсаты: жаратылыстану пәні мұғалімдеріне 3 тілділікті меңгерудегі CLIL әдістемесін қолданудың тиімділігі туралы әдістемелік кеңес беру, серіктес мектептердің жұмысын жандандыру, өзара тәжірибе алмасу.
Семинарға келушілерді №22 орта мектебінің әдіскері Т.Б.Хамитова және мектеп директорының орынбасары А.Тілекбаева бастаған №22 орта мектеп ұжымы қарсы алды.
«CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары» жетекші мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық семинардың бағдарламасымен НЗМ Дербес білім беру ұйымы, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының тренері С.Көпбергенова таныстырды.
Бағдарламаға сай, «Химия сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту» бағытын негізге алып, 8 «а»-сыныбында «Металдар және бейметалдар» тақырыбында жас маман Ирзабекова Молдир ашық сабақ жүргізді. Ирзабекова Молдир сабағын жүргізе отырып, өзінің ағылшын тілін жетік меңгерген қазіргі заманға лайық маман екендігін ағылшын тілінде сабақ жүргізе отырып көрсете білді. Сабағы өте тартымды, қызықты өтті, CLIL әдісін қолдана отырып, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу білуіне, жаңа сөздерді меңгеруіне назар аударды. 
Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы енгізілген 8 «ә» сыныбына тәжірибелі маман Татикова Ғалия «Буын.Буынның түрлері тақырыбында» ашық сабақ жүргізіп, сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамытуға көңіл бөлді. Сабақ кезінде оқушылардың терминдерді ағылшын тілінде мағынасын ашып, тақырыпты терең түсіне білуіне жағдай жасалды.
«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбында 8-сыныпта ашық сабақты физика пәнінің тәжірибелі мұғалімі Қарабалаева Ақорын жүргізді. Сабағы Блум таксономиясының білу,түсіну, қолдану деңгейлерін меңгеруге бағытталды. Мұғалім оқушылардың Ом заңын меңгеруіне «Сандарды табу», «Тез ойлан!», «Қызықты есептер»,«Ой қозғау» әдістерін пайдалана отырып, әрекет етті.

9 «а» сыныбына Мұханбетова Рахия «Информатика сабағында CLIL әдісі қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамыту» бағытында ашық сабақ жүргізіп, оқушыларды зерттеушілікке бағыттайтын тапсымалар беріп, қызықты әдіс-тәсілдер қолданды. Тақырыпқа сай термин сөздермен жұмыс, сонымен бірге оқушыларға тапсырма беру 3 тілде жүргізілді.
5 «а» сыныбында «Қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ жүргізген биология пәнінің жас маманы Болатбекова Гүлнұр да ағылшын тілін заман талабына сай меңгергендігін дәлелдеді. Баланың жас ерекшелігіне сай жүзетін ұшатын, өрмелейтін денелер туралы айтылып, өмірден мысалдар келтірілді. Оқушылар қозғалатын денелердің атаулары, қозғалыс түрлерін және қозғалыстағы әрекеттерді 3 тілде айтып, академиялық тілін жетілдірді. 
Семинардың 2-бөлімі әдістемелік практикум бөліміне жалғасты. «CLIL методикасы арқылы тілдік дағдыларын дамыту әдістері» тақырыбында семинарға қатысушы мұғалімдерге НЗМ мектебінің биология пәнінің мұғалімі Каражанова К.М. шебер сынып көрсетті. Құралай биология сабағында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін және ағылшын тілін меңгеруге әкелетін қолайлы әдіс-тәсіл түрлерімен таныстырып, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруға көмектесті. 
«CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту әдістемесін тиімді пайдалану» тақырыбында ПШО тренері А.А.Рысбекова әдістемелік кеңес берді. Алия Айтбаевна CLIL әдістемесін қолдануға ыңғайлы интернет парақшаларымен таныстырып, сабақты қызықты өткізуге және ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді тез меңгеруге ыңғайлы технологиялармен таныстырды.
Семинар соңында ПШО тренері және қала мектептерінің кураторы С.Көпбергенова семинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізіп, семинарды қорытындылады.Кері байланыс кезінде, ООӘжҚББО-ның жаратылыстану бөлімі меңгерушісі Ақылбек Мүберек, ООӘжҚББО-ның химия-биология пәнінің әдіскері А.Рсалиева, Ақтау қаласының «Даму» білім орталығының химия –биология пәндерінің әдіскері Гүлназ Жаксыгулова, №3 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Г.Смадьяровалар сабақтарды зерделей отырып, ұнаған әдіс-тәсілдерін айтты және нені жетілдіру керек екеніне ұсыныстарын жеткізді.Сонымен бірге осы семинарды ұйымдастыруға ат салысқан ПШО теренері С.Көпбергенова мен №22 орта мектеп ұжымына алғыс айтылды. 
«CLIL әдістемесін сабақтарға енгізу амалдары»
Жетекші мектеп мұғалімдеріне арналған семинар бағдарламасы

Өтетін уақыты: 30 қаңтар 2019 жыл, сағат 09.00
Өтетін орны: Ақтау қаласы, «С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі», 22 шағынаудан

Уақыты Іс-шара атауы Өткізетін мұғалім Өтетін орны
10 мин Семинарға қатысушыларды тіркеу Хамитова Т.- №22 о/м әдіскері
Тілекбаева А.А. А. №22 о/м инновация орынбасары Кабинет №206
10 мин
Семинардың ашылуы, семинар бағдарламасымен таныстыру Копбергенова С.С. 
ПШО әдіскері Кабинет №206

40 мин Химия сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту. 8-сынып Ирзабекова М.А. -№22 о/м
химия пәнінің мұғалімі Кабинет №205
Биология сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту. 8-сынып Татикова Ғ.М. -№22 о/м
Биология пәнінің мұғалімі Кабинет №206

40 мин Информатика сабағында CLIL әдісі қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамыту. 9-сынып Муханбетова Р.А. -№22 о/м
Информатика пәні мұғалімі Кабинет №204
Физика сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту. 8-сынып Қарабалаева А.С.-№22 о/м
Физика пәні мұғалімі Кабинет №206
Жаратылыстану сабағында CLIL әдісін қолдану арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту. 5-сынып Болатбекова Г.Б. - №22 о/м
Биология пәнінің мұғалімі Кабинет №205
30 мин Шеберлік сынып «CLIL методикасы арқылы тілдік дағдыларын дамыту әдістері» Каражанова К.М. – НЗМ биология мұғалімі Кабинет №206
30 мин Семинар-практикум: «CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту әдістемесін тиімді пайдалану» Рысбекова А.А. - ПШО тренері Кабинет №206
20 мин Дөңгелек үстел. Семинарды қорытындылау. Рефлексия. Копбергенова С.С. – ПШО әдіскері Кабинет №206 

Жарияланған күні: 30-01-2019  



15-11-2019  

Өз құқығыңды біл

iconҚазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялауына 25 жыл толылуына орай 9 сыныптар арасында «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 

15-11-2019  

13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

icon«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының педагог маманы Қожабергенова Рысгүл Таңбайқызы, мектеп медбекесі Зухра Довлетова 9-10сынып оқушыларына ЖИТС-тің алдын алу мақсатында , видеоролик көрсетіп, профилактикалық түсіндірмелі жұмыс жүргізді. 

13-11-2019  

Президентін сайлау жұмыстары

iconМектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Президентін сайлау жұмыстары ұйымдастырылуда. Сіздерді үміткерлер біліктілігі мен белсенділігін бақылап өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз! 

13-11-2019  

Yessenov University

iconОқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе алу мақсатында саяхат жасады. Алдымен облыс орталығында орналасқан Маңғыстау Жастарыорталығына барып жастардың жұмыс жүйесін көріп қайтса, Yessenov University-нің студенттері жас ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жүйесімен танысып, еркін алаңда сұхбат өткізіп қайтты.  

13-11-2019  

Оқушылар Президенттігіне үміткер

iconОқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе алу мақсатында саяхат жасады. Алдымен облыс орталығында орналасқан Маңғыстау Жастарыорталығына барып жастардың жұмыс жүйесін көріп қайтса, Yessenov University-нің студенттері жас ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жүйесімен танысып, еркін алаңда сұхбат өткізіп қайтты.  

10-11-2019  

Мектеп аумағында тазалық

9 қараша күні мектебіміздің ер азаматтары мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 26 тал отырғызылды 

08-11-2019  

Спорт және туризм бөлімі

icon"Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Маңғыстау облысының армрестлинг және гір спорты федерациясы ұйымдастыруымен өткізілген Ақтау қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің арасында гір таныс көтеру мен қол күрестен қалалық ашық жарысында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды 

02-11-2019  

Томирис

iconҰлы даланы ұлықтаған патшайым "Томирис" фильмін көріп 7 "А" сынып оқушылары кітаптан алған білімін, киномен ұштастырды. Оқушыларымды киноға алып бару мақсатым, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына адамгершілік пен адамдықты, туралық пен шыдамдылықты, ұлттық қасиеттер мен мол рухани байлық сіңіру еді. Балаларға фильм ұнағаны соншалықты, шапалақтап қошеметтерін білдірді!  

01-11-2019  

ата-аналарға бала тәрбиесіне

icon

01-11-2019  

мектеп инспекторы

icon

Соңғы жаңалықтар

Өз құқығыңды біл

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялау ...

15 қараша 2019
13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ...

15 қараша 2019
Президентін сайлау жұмыстары

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Прези ...

13 қараша 2019
Yessenov University

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019
Оқушылар Президенттігіне үміткер

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019