Тиімді сабақ

2019 жылдың 28 қыркүйек күні С.Қондыбай атындағы №22 орта мектеп ұжымында әдістемелік күн өткізілді.
1.Мектеп басшысы С.Жүзбергенов 2019/20 оқу жылына арналған стратегиялық басымдықтары бар мектептің даму жоспары бойынша жүзеге асыру кезеңіндегі атқарылатын және іске асырылу керек шараларға тоқталды. Сонымен бірге, ұжыммен талқылана отырып, 2019/20 оқу жылының І тоқсанында 5 «ә» сыныбына фокус топтар Lesson stady зерттеу сабақтарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Жаңартылған білім мазмұнын мұғалімдердің меңгеруіне ықпал ететін тәлімгерлік жұмысқа назар аудару керектігі ескертіліп, желтоқсан айында тәлімгерлер мен тәлім алушыларға арналған мектепішілік сайыс ұйымдастырылу қажеттілігі ұсынылды. Мақсаты: тәжірибелі мұғалімнің өз тәжірибесін жас мамандарға, ұжымға таратуы мектеп ұжымының біліктілігін көтеруге, мұғалімдердің кәсіби дамуын артыруға, жас мамандардың өз білімін өзі жетілдіруге ықпал ету. 
2.Директордың инновация жөніндегі орынбасары Тілекбаева А.А. «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының ережесімен және өзінің Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығында бекітілген «Тарихи лингвистика Серікболтану әлемінде» авторлық бағдарламасымен таныстырды. Сонымен бірге мұғалімдерді «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына қатысуға шақырды.
3.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кобланов Ж.Т. Педагогикалық шеберлік орталығының 2019 жылдың 27 қыркүйек күні өткізіліген «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбындағы семинарына кері байланыс жүргізді. Ол мұғалімдерге ЖБ, ТЖБ тапсырмалары, дескриптор, рубрикалар туралы және тоқсан соңындағы ТЖБ дан кейінгі модерация жүргізу жөнінде кеңесін берді.Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ж.Батырованың ұсынысы бойынша жыл соңындағы ТЖБ кезінде барлық ТЖБ өткізілетін пәндер бойынша 5-10 сыныптарда пән бойынша қатар алыну керектігі айтылып, әкімшілік кезекшілік қойылатындығы ескертілді.
4. Әдістемелік күн жас мамандарға арналған мектепішілік курсқа ұласты. Мектеп тренері Н. Қоңырбаева «Қысқа мерзімді жоспар жазуда сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырмалардың дескрипторларын құру» тақырыбында әдістемелік кеңес жүргізді.Ол білім мазмұнын жаңарту бағдарламасындағы мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптардың бірі- дескриптор құру туралы теориялық білім бере отырып, жас мамандарға сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырманың дескрипторларын құрғызып тәжірибе жүзінде үйретуге ат салысты. Курс соңында жас мамандар мектеп тренері Н.Қоңырбаеваға өздерінің кәсіби жетілуіне қосқан үлесі үшін ілтипатын білдірді. 

Жарияланған күні: 01-11-2019  



15-11-2019  

Өз құқығыңды біл

iconҚазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялауына 25 жыл толылуына орай 9 сыныптар арасында «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 

15-11-2019  

13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

icon«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының педагог маманы Қожабергенова Рысгүл Таңбайқызы, мектеп медбекесі Зухра Довлетова 9-10сынып оқушыларына ЖИТС-тің алдын алу мақсатында , видеоролик көрсетіп, профилактикалық түсіндірмелі жұмыс жүргізді. 

13-11-2019  

Президентін сайлау жұмыстары

iconМектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Президентін сайлау жұмыстары ұйымдастырылуда. Сіздерді үміткерлер біліктілігі мен белсенділігін бақылап өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз! 

13-11-2019  

Yessenov University

iconОқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе алу мақсатында саяхат жасады. Алдымен облыс орталығында орналасқан Маңғыстау Жастарыорталығына барып жастардың жұмыс жүйесін көріп қайтса, Yessenov University-нің студенттері жас ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жүйесімен танысып, еркін алаңда сұхбат өткізіп қайтты.  

13-11-2019  

Оқушылар Президенттігіне үміткер

iconОқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе алу мақсатында саяхат жасады. Алдымен облыс орталығында орналасқан Маңғыстау Жастарыорталығына барып жастардың жұмыс жүйесін көріп қайтса, Yessenov University-нің студенттері жас ісі жөніндегі комитетінің жұмыс жүйесімен танысып, еркін алаңда сұхбат өткізіп қайтты.  

10-11-2019  

Мектеп аумағында тазалық

9 қараша күні мектебіміздің ер азаматтары мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 26 тал отырғызылды 

08-11-2019  

Спорт және туризм бөлімі

icon"Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Маңғыстау облысының армрестлинг және гір спорты федерациясы ұйымдастыруымен өткізілген Ақтау қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің арасында гір таныс көтеру мен қол күрестен қалалық ашық жарысында оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды 

02-11-2019  

Томирис

iconҰлы даланы ұлықтаған патшайым "Томирис" фильмін көріп 7 "А" сынып оқушылары кітаптан алған білімін, киномен ұштастырды. Оқушыларымды киноға алып бару мақсатым, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына адамгершілік пен адамдықты, туралық пен шыдамдылықты, ұлттық қасиеттер мен мол рухани байлық сіңіру еді. Балаларға фильм ұнағаны соншалықты, шапалақтап қошеметтерін білдірді!  

01-11-2019  

ата-аналарға бала тәрбиесіне

icon

01-11-2019  

мектеп инспекторы

icon

Соңғы жаңалықтар

Өз құқығыңды біл

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялау ...

15 қараша 2019
13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ...

15 қараша 2019
Президентін сайлау жұмыстары

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Прези ...

13 қараша 2019
Yessenov University

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019
Оқушылар Президенттігіне үміткер

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019