Тиімді сабақ

2019 жылдың 28 қыркүйек күні С.Қондыбай атындағы №22 орта мектеп ұжымында әдістемелік күн өткізілді.
1.Мектеп басшысы С.Жүзбергенов 2019/20 оқу жылына арналған стратегиялық басымдықтары бар мектептің даму жоспары бойынша жүзеге асыру кезеңіндегі атқарылатын және іске асырылу керек шараларға тоқталды. Сонымен бірге, ұжыммен талқылана отырып, 2019/20 оқу жылының І тоқсанында 5 «ә» сыныбына фокус топтар Lesson stady зерттеу сабақтарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Жаңартылған білім мазмұнын мұғалімдердің меңгеруіне ықпал ететін тәлімгерлік жұмысқа назар аудару керектігі ескертіліп, желтоқсан айында тәлімгерлер мен тәлім алушыларға арналған мектепішілік сайыс ұйымдастырылу қажеттілігі ұсынылды. Мақсаты: тәжірибелі мұғалімнің өз тәжірибесін жас мамандарға, ұжымға таратуы мектеп ұжымының біліктілігін көтеруге, мұғалімдердің кәсіби дамуын артыруға, жас мамандардың өз білімін өзі жетілдіруге ықпал ету. 
2.Директордың инновация жөніндегі орынбасары Тілекбаева А.А. «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының ережесімен және өзінің Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығында бекітілген «Тарихи лингвистика Серікболтану әлемінде» авторлық бағдарламасымен таныстырды. Сонымен бірге мұғалімдерді «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына қатысуға шақырды.
3.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кобланов Ж.Т. Педагогикалық шеберлік орталығының 2019 жылдың 27 қыркүйек күні өткізіліген «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбындағы семинарына кері байланыс жүргізді. Ол мұғалімдерге ЖБ, ТЖБ тапсырмалары, дескриптор, рубрикалар туралы және тоқсан соңындағы ТЖБ дан кейінгі модерация жүргізу жөнінде кеңесін берді.Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ж.Батырованың ұсынысы бойынша жыл соңындағы ТЖБ кезінде барлық ТЖБ өткізілетін пәндер бойынша 5-10 сыныптарда пән бойынша қатар алыну керектігі айтылып, әкімшілік кезекшілік қойылатындығы ескертілді.
4. Әдістемелік күн жас мамандарға арналған мектепішілік курсқа ұласты. Мектеп тренері Н. Қоңырбаева «Қысқа мерзімді жоспар жазуда сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырмалардың дескрипторларын құру» тақырыбында әдістемелік кеңес жүргізді.Ол білім мазмұнын жаңарту бағдарламасындағы мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптардың бірі- дескриптор құру туралы теориялық білім бере отырып, жас мамандарға сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырманың дескрипторларын құрғызып тәжірибе жүзінде үйретуге ат салысты. Курс соңында жас мамандар мектеп тренері Н.Қоңырбаеваға өздерінің кәсіби жетілуіне қосқан үлесі үшін ілтипатын білдірді. 

Жарияланған күні: 01-11-2019  



11-10-2018  

Құқықбұзушылықтың алдын алу

iconҚұқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында 6,7,8 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

10-10-2018  

Ақтау ару қалам

icon"Ақтау ару қалам" атты футзалдан 5-6 сыныптар арасында спорттық жарыстар 

10-10-2018  

Тәжірибе алмасу семинары

icon2018 жылдың 12 қазанында «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша қызметкерлердің бііліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, №22 орта мектеп ғимаратында БАИ әдіскері Қ.Ш. Бахтиярова мен мектеп әдіскері Т. Хамитованың ұйымдастыруында облыстық көлемде «Химия, биология сабақтарында белсенді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. 

08-10-2018  

Салауатты өмір салты

icon

05-10-2018  

Ұстаздар күні мерекесі

icon

05-10-2018  

Ұстазыма мың алғыс

icon

22-09-2018  

"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол"

iconМектеп директоры Жанаева Нұржамал Қоянбайқызы аталған конференцияны ашты. Конференцияға Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері Созақбаева Әсия Қуатжанқызы Қазақстан Республикасы  

21-09-2018  

«Цифрлы технология озық отыздыққа оздырады»

icon

14-09-2018  

Мектеп тренерлерінің мұғалімнің әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі рөлі

icon

09-09-2018  

«XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»

icon

Соңғы жаңалықтар

Өз құқығыңды біл

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялау ...

15 қараша 2019
13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ...

15 қараша 2019
Президентін сайлау жұмыстары

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Прези ...

13 қараша 2019
Yessenov University

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019
Оқушылар Президенттігіне үміткер

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019