Тиімді сабақ

2019 жылдың 28 қыркүйек күні С.Қондыбай атындағы №22 орта мектеп ұжымында әдістемелік күн өткізілді.
1.Мектеп басшысы С.Жүзбергенов 2019/20 оқу жылына арналған стратегиялық басымдықтары бар мектептің даму жоспары бойынша жүзеге асыру кезеңіндегі атқарылатын және іске асырылу керек шараларға тоқталды. Сонымен бірге, ұжыммен талқылана отырып, 2019/20 оқу жылының І тоқсанында 5 «ә» сыныбына фокус топтар Lesson stady зерттеу сабақтарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Жаңартылған білім мазмұнын мұғалімдердің меңгеруіне ықпал ететін тәлімгерлік жұмысқа назар аудару керектігі ескертіліп, желтоқсан айында тәлімгерлер мен тәлім алушыларға арналған мектепішілік сайыс ұйымдастырылу қажеттілігі ұсынылды. Мақсаты: тәжірибелі мұғалімнің өз тәжірибесін жас мамандарға, ұжымға таратуы мектеп ұжымының біліктілігін көтеруге, мұғалімдердің кәсіби дамуын артыруға, жас мамандардың өз білімін өзі жетілдіруге ықпал ету. 
2.Директордың инновация жөніндегі орынбасары Тілекбаева А.А. «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының ережесімен және өзінің Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығында бекітілген «Тарихи лингвистика Серікболтану әлемінде» авторлық бағдарламасымен таныстырды. Сонымен бірге мұғалімдерді «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына қатысуға шақырды.
3.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кобланов Ж.Т. Педагогикалық шеберлік орталығының 2019 жылдың 27 қыркүйек күні өткізіліген «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбындағы семинарына кері байланыс жүргізді. Ол мұғалімдерге ЖБ, ТЖБ тапсырмалары, дескриптор, рубрикалар туралы және тоқсан соңындағы ТЖБ дан кейінгі модерация жүргізу жөнінде кеңесін берді.Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ж.Батырованың ұсынысы бойынша жыл соңындағы ТЖБ кезінде барлық ТЖБ өткізілетін пәндер бойынша 5-10 сыныптарда пән бойынша қатар алыну керектігі айтылып, әкімшілік кезекшілік қойылатындығы ескертілді.
4. Әдістемелік күн жас мамандарға арналған мектепішілік курсқа ұласты. Мектеп тренері Н. Қоңырбаева «Қысқа мерзімді жоспар жазуда сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырмалардың дескрипторларын құру» тақырыбында әдістемелік кеңес жүргізді.Ол білім мазмұнын жаңарту бағдарламасындағы мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптардың бірі- дескриптор құру туралы теориялық білім бере отырып, жас мамандарға сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырманың дескрипторларын құрғызып тәжірибе жүзінде үйретуге ат салысты. Курс соңында жас мамандар мектеп тренері Н.Қоңырбаеваға өздерінің кәсіби жетілуіне қосқан үлесі үшін ілтипатын білдірді. 

Жарияланған күні: 01-11-2019  



06-03-2018  

«Күн сәулелі қаһарман» атты 4ші сыныптар арасында тәрбие сағаты өтті

icon Ақтау қаласы «С.Қондыбай атындағы  №22 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Күн сәулелі қаһарман» атты 4ші сыныптар арасында тәрбие сағаты өтті.  

01-03-2018  

1 наурыз – Алғыс айту күні

icon1 наурыз - бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. 

22-02-2018  

«Сәулелі Серікбол мұражайына саяхат»

iconМұражайға бару барысында Серікбол.Қондыбай өмірі мен шығармашылығы мен танысты.  

06-02-2018  

«Жалынды жастық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты

iconӨзін-өзі тану пән  мұғалімі  Амантурлиева Гулшат 10 «А» сыныбында «Жалынды жастық шақ»  тақырыбында  тәрбие  сағатын өткізді .  

05-02-2018  

«Ән-көңілдің ажары» атты мектепішілік конкурс

icon4 -9 сыныптар арасында «Ән-көңілдің ажары»  атты мектепішілік конкурс өткізіліп, қорытындыланды. Конкурс тақырыбы «Туған жер», «Ана» Әке», «Отан» туралы болды. Ең үздік әндер анықталып, оқушылар  марапатталды.   

02-02-2018  

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық кездесулер

icon«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық, мейірімділік акцияларын, кездесулер өткізілді.   

02-02-2018  

«Мейірімділік төгетін ана» атты кітаптар көрмесі

icon«Мейірімділік төгетін  ана» атты тақырыпта 8-9 сыныптармен С. А. Назарбаеваға арналған кітаптар көрмесін  мектебіміздің  кітапханашысы Кусайнова  Жамал  үлкен жауапкершілікпен қарап, таныстыруын өткізді. 

02-02-2018  

«Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты іс-шараның ашылуы

icon«Өзін-өзі  тану  Махаббат пен шығармашылық  педагогикасы» атты  іс-шараның ашылуы  өтті.  

24-01-2018  

Cыныптан тыс іс- шаралар айлығында «Cөз мерген» сайысы өтті

icon

23-01-2018  

Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!

icon

Соңғы жаңалықтар

Өз құқығыңды біл

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялау ...

15 қараша 2019
13 жұлдызында мектебімізге ЖИТС орталығының

«С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектебі» КММ-сі Қараша айының 13 жұлдызында мектебімізге ...

15 қараша 2019
Президентін сайлау жұмыстары

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың өзін-өзі басқару тобын қалыптастыру мақсатында оқушышар Прези ...

13 қараша 2019
Yessenov University

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019
Оқушылар Президенттігіне үміткер

Оқушылар Президенттігіне үміткер оқушыларымыз өзін-өзі басқару тобының жүйесін көріп, тәжірибе а ...

13 қараша 2019