Тиімді сабақ

2019 жылдың 28 қыркүйек күні С.Қондыбай атындағы №22 орта мектеп ұжымында әдістемелік күн өткізілді.
1.Мектеп басшысы С.Жүзбергенов 2019/20 оқу жылына арналған стратегиялық басымдықтары бар мектептің даму жоспары бойынша жүзеге асыру кезеңіндегі атқарылатын және іске асырылу керек шараларға тоқталды. Сонымен бірге, ұжыммен талқылана отырып, 2019/20 оқу жылының І тоқсанында 5 «ә» сыныбына фокус топтар Lesson stady зерттеу сабақтарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Жаңартылған білім мазмұнын мұғалімдердің меңгеруіне ықпал ететін тәлімгерлік жұмысқа назар аудару керектігі ескертіліп, желтоқсан айында тәлімгерлер мен тәлім алушыларға арналған мектепішілік сайыс ұйымдастырылу қажеттілігі ұсынылды. Мақсаты: тәжірибелі мұғалімнің өз тәжірибесін жас мамандарға, ұжымға таратуы мектеп ұжымының біліктілігін көтеруге, мұғалімдердің кәсіби дамуын артыруға, жас мамандардың өз білімін өзі жетілдіруге ықпал ету. 
2.Директордың инновация жөніндегі орынбасары Тілекбаева А.А. «Үздік авторлық бағдарлама» сайысының ережесімен және өзінің Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығында бекітілген «Тарихи лингвистика Серікболтану әлемінде» авторлық бағдарламасымен таныстырды. Сонымен бірге мұғалімдерді «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына қатысуға шақырды.
3.Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Кобланов Ж.Т. Педагогикалық шеберлік орталығының 2019 жылдың 27 қыркүйек күні өткізіліген «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау, рефлексия» тақырыбындағы семинарына кері байланыс жүргізді. Ол мұғалімдерге ЖБ, ТЖБ тапсырмалары, дескриптор, рубрикалар туралы және тоқсан соңындағы ТЖБ дан кейінгі модерация жүргізу жөнінде кеңесін берді.Мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Ж.Батырованың ұсынысы бойынша жыл соңындағы ТЖБ кезінде барлық ТЖБ өткізілетін пәндер бойынша 5-10 сыныптарда пән бойынша қатар алыну керектігі айтылып, әкімшілік кезекшілік қойылатындығы ескертілді.
4. Әдістемелік күн жас мамандарға арналған мектепішілік курсқа ұласты. Мектеп тренері Н. Қоңырбаева «Қысқа мерзімді жоспар жазуда сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырмалардың дескрипторларын құру» тақырыбында әдістемелік кеңес жүргізді.Ол білім мазмұнын жаңарту бағдарламасындағы мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптардың бірі- дескриптор құру туралы теориялық білім бере отырып, жас мамандарға сабақ мақсатына жету үшін берілген тапсырманың дескрипторларын құрғызып тәжірибе жүзінде үйретуге ат салысты. Курс соңында жас мамандар мектеп тренері Н.Қоңырбаеваға өздерінің кәсіби жетілуіне қосқан үлесі үшін ілтипатын білдірді. 

Жарияланған күні: 01-11-2019  



25-10-2018  

ЖИТС-ке қарсы күрес

icon

25-10-2018  

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

icon

23-10-2018  

Ұстаздар жиналысы

icon

23-10-2018  

Ұстаздар арасында спартакиада

icon

20-10-2018  

Берекелі алтын күз

icon

16-10-2018  

Білім жолы

iconЖаңаша білім-жаңа талап» атты 3-сыныптар апталығының екінші күні «Білім жолы» атты зияткерлік интелектуалдық сайысы өтті 

15-10-2018  

"Былғары доп" мектеп лигасы

icon

15-10-2018  

Жаңаша білім – жаңа талап

iconҚазан айының 15 күні "Жаңаша білім – жаңа талап" тақырыбындағы 3-сыныптар апталығының ашылу салтанаты болып өтті.  

14-10-2018  

"Ата-ана өз балаңа үлгі бол"

icon

14-10-2018  

11 сыныптардың ата-аналарына арналған жиналысы

icon

Соңғы жаңалықтар

egov

...

08 маусым 2020
zero!
171819202122