Жанаева Нұржамал

Жанаева Нұржамал 1989-1994 жылдар аралығында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік институтында педагогикалық білім алды. Нұржамал 2015 жылдан С.Қондыбай атындағы №22 орта мектептің директоры қызметін атқарып, үлкен ұжымды басқарып отыр. 

Жетістіктері: 

Нұржамал басқарып келе жатырған ұжымның ұстаздары мен оқушылары қалалық, облыстық, республикалық тіпті халықаралық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Осы оқу жылында 82 оқушы, 4 мұғалім халықаралық түрлі сайыстардың жеңімпазы атанса, 79 оқушы, 10 мұғалім республикалық сайыс және қалалық байқаулардан 18 мұғалім, 107 оқушы орындар алды. Бұл мектептің мұғалімдерінің күні- түні тыңбай еңбек еткен еңбегінің жемісі, мектеп директоры басшылығының көрсеткіші. 

Сонымен бірге «Алтын белгі» Төлемісова Асия және «Үздік аттестат» иегерлері өздерінің білімдерін ҰБТ- де ақтап шықты. Жанаева Нұржамалдың жеке шығармашылық ізденіс жұмыстарына тоқталсақ: 

2013 жылы облыстық мұғалімдердің семинарында «Шығармашылық тақырып –мұғалім  ізденісің айғағы» тақырыбында юаяндама жасады.

2010 жылы Облыстық білім басқармасының тапсырмасымен ОЖСБ жұмысына байланысты министірлік өкілі ретінде Маңғыстау ауданында «Шетпе гимназия» мектептерінде зерделеу жұмыстарын жүргізді.

2012 жылы республикалық  «Бастауыш мектеп » журналының №9 санында «Дүниетану» тақырыбында сабақ әзірлемесі жарық көрді. 

2009 жылдан бері Облыстық Бақылау департаментінің білім беру ұйымдарына мектеп оқушыларының жалпыға міндетті оқу және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін зерделеу комиссиясының мүшесі. 

2013 жылы Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің тексеру комиссияларының құрамында болды.

2016 жылы республикалық «Ұстаз ұлағатты» журналының қазан айындағы шығарылымы №22 орта мектеп ұжымына арналып  мектептің 38 мұғалімнің ашық сабақ,шебер сынып, коучинг, тренинг, семинарлары жарияланды.

2016жылы Нұржамал басқарып отырған №22 метеп ұжымы қалалық «Үздік мектеп» сайысынан 2-орын алды Ұстаздың білім саласындағы еңбектері  ескеріліп түрлі марапаттарға ие болды. Мысалы: 

2011 жылы Маңғыстау облысы Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2013жылы қала әкімінің «Ақтау қаласына 50жыл» естелік медаліне ие болды.

2013 жылы МОББ «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2014жылы республикалық.

2016 жылы Н:К:Жанаеванның басшылығымен «Білім беру саласындағы инновациялар- оқушы құзіреттілігін дамытудың кепілі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, өте жақсы ұйымдастырғаны үшін республикалық «Өрлеу» БАҰО «Алғыс Хатпен» марапаттады. 

2017 жылы «Халықаралық Педагогика және технологиялар академиясының» Құрмет грамотасымен марапатталды.

2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері болды. 

Жарияланған күні: 23-01-2018  

Соңғы жаңалықтар

Yessenov University

...

13 қараша 2019
Томирис

...

02 қараша 2019