МЕН – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ БАТЫРЫНЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

МЕН – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ БАТЫРЫНЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

Ұлы Жеңіс күні – қастерлі мереке. Бұл күні қатарлары сиреп, арамызда азғана қалған ардагерлерімізді құттықтап, майдан даласында қалған боздақтарды еске алып, дүниеден өткен қаһармандарымыздың рухының алдында тағзым етеміз.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Ардақ Тынымжанқызы Сисенованың естелігін назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында елімізді фашист басқыншыларынан азат ету үшін қолына қару алып, жауға аттанған жауынгерлердің қатарында Нарын құмында өскен менің әкем Сисенұлы Тынымжан да болды. Ол 1926 жылы 18 наурызда Айбас ауылдық кеңесі, Жаскадр колхозында дүниеге келген.

1944 жылдың қыркүйек айында әскер қатарына алынып, 2-ші Беларусь майданы, Кеңес Одағының Маршалы К.К.Рокоссовский армиясына түскен. Жырақта жүріп, әскери өмірдің дәмін жаңа ғана татқан жас сарбаз көп ұзамай ұрыс даласынан табылады. Толарсақтан саз, тізеден қан кешкен сұрапыл соғыста азамат атына кір келтірмеген әкем 1945 жылы 23 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.

1945-1950 жылдары Белоруссияның Полоцк қаласы, Боровуха деревнясында артиллерия-зенит полкында әскери міндетін атқарды. Көзі ашық, көкірегі ояу жауынгер бар саналы өмірін партия қызметіне арнады.

Әкем артына тек жақсы сөз бен іс қалдырып кетті. Өмірлік қосағы Жұпар анамыз екеуі үш қыз, алты ұлды тәрбиеледі.

Қазір солардан отызға тарта немере-жиен, осынша шөбере өсуде. Біз осындай өнегелі әкенің ұрпағы екенімізді әрқашан мақтан тұтамыз.

Жақында ғаламтордан әкемнің «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталғаны туралы мәліметтерді оқыдым. Сол кездегі менің кеудемді кернеген қуаныш пен мақтанышқа толы сезімді сөзбен айтып жеткізу тіпті де мүмкін емес. Мен үшін әкем баға жетпес байлығым, асыл қазынам. Мен – Ұлы Отан соғысы батырының ұрпағымын!

#Qaharman челенджін «Өрлеу» БАҰО» АҚ төрағасы Гүлнас Кенжетайқызы Ахметовадан

Gulnas Akhmetova қабылдап алып, Маңғыстау облысының педагогтеріне жолдаймыз. 

Жарияланған күні: 07-06-2020  



04-05-2021  

Чаудыбаев Дастан Чемпион

icon

29-04-2021  

«Жас келсе, іске» атты жас мамандар апталығы

icon

22-04-2021  

*STARTUP-2021* жобасы

icon

12-04-2021  

Жаңа инновациялық технологиялар-сапалы болашақ кепілі

icon

12-04-2021  

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

icon

08-04-2021  

Жас Ұлан

icon

01-04-2021  

SQ JasSarbaz

icon

01-04-2021  

SQ CUP

icon

29-03-2021  

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

icon

29-03-2021  

"Балдәурен" облыстық жарыс

icon

Соңғы жаңалықтар

*STARTUP-2021* жобасы

...

22 сәуір 2021
ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

...

12 сәуір 2021
zero!
1
234567891011121314 ... 23