Өз құқығыңды біл

Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылдануына 30 жыл, ратификациялауына 25 жыл толылуына орай 9 сыныптар арасында «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Е.Г.Амантурлиева оқушыларға өз құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға, қабілеттілігін қалыптастыруға, адам құқығы -–бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеттерін меңгертіп, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге, оқушылардың өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, үлкенді құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында түсіндіріп, айтып өтті.
Тарих пәні мұғалімі Г.Доскалиева балаларға «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция» Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, Заң сөздікшесі, балаларды қорғауға арналған халықаралық күндерді «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы». «Өз құқығыңды біл» баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқушылармен «Менің құқығым» тақырыбында тренинг жүргізді.
Мектеп инспекторы Ж.Рысбеков сен өзіңді құрметтеуге тиіссің, бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден ішімдіктен, есірткіден аулақ бол. Ар -намысыңды биік ұста. Өз тағдырың өз қолыңда. Тәртіпті бол, құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен -тәуелсіз еліміздің болашағысың деп айтты.
Қорыта келе мектеп директоры С.Қ.Жүзбергенов Ата-Заң қорғанымыз, «Азамат жолы ар жолы» демекші ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды ақылды ұл-қызы болып өсейік. Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты деп өзінің алғысын білдірді. 

Жарияланған күні: 15-11-2019  



04-05-2021  

Чаудыбаев Дастан Чемпион

icon

29-04-2021  

«Жас келсе, іске» атты жас мамандар апталығы

icon

22-04-2021  

*STARTUP-2021* жобасы

icon

12-04-2021  

Жаңа инновациялық технологиялар-сапалы болашақ кепілі

icon

12-04-2021  

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

icon

08-04-2021  

Жас Ұлан

icon

01-04-2021  

SQ JasSarbaz

icon

01-04-2021  

SQ CUP

icon

29-03-2021  

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

icon

29-03-2021  

"Балдәурен" облыстық жарыс

icon

Соңғы жаңалықтар

*STARTUP-2021* жобасы

...

22 сәуір 2021
ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ

...

12 сәуір 2021
1
234567891011121314 ... 23